Тұздың пайдасы мен зияны

17 қаңтар 2020 16762 0
Оқу режимі

Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...

  • Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді.
  • Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.
  • Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі.
  • Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз.
  • Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.
  • Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.
  • Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз: жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды)
  • Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.
  • Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.
  • Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
  • Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.
  • Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
  • Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
  • Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
  • Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
  • Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
  • Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
  • Овощтағы жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
  • Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.
  • Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады

Тұздың зияны

Тұздың зияны өні көп мөлшерде тұтынғанда байқалады. Ол организмдегі жолдарды бітеп, сұйықтық ағзадан шыға алмайды. Соның салдарынан ісіну пайда болып, натрий хлоридінің қалдықтары жинала береді.

Натрий қан қысымын көтереді. Ол гипертония ауруында денсаулыққа зиянын тигізеді. Ауру асқынған жағдайда, адам инсульт алуы мүмкін.

Тұзды көп мөлшерде қолдану бауыр, бүйрек, жүрек ауруларына әкеліп соғады.

Тағамды үнемі тұздап жеу дәм сезу рецепторларының сезімталдығын басып, соның себебінен табиғи тағам дәмсіз көрінуі мүмкін. Егер біраз уақыт тұздан бас тартар болсаңыз, дәм сезі рецепторларының сезімталдығы, тағамның табиғи дәмін сезу қабілеті қалпына келеді. Салаттарға тұздің орнына түрлі дәмдеуіштер мен лимон, сірке су қосуға болады.

Тұз қан тамырларына жарты сағаттың ішінде орасан нұқсан келтіреді. Австралиялық ғалымдар тамаққа көп қосылған тұздың ағзаға қалай әсер ететінін арнайы тәжірибе барысында анықтады. The Daily Mail-дың хабарлауынша, дәрігерлердің арнайы сынағына денсаулығы мықты 16 адам қатысқан. Олардың әрқайсысы жеген тағамға 4 г тұз қосылды. Бұдан соң 0,3 г тұзы бар тағам және берілді. Сынақтың алдында және одан кейін ғалымдар зерттеуге қатысқандардың иық артериясындағы қан тамырларының соғысын өлшеген. Зерттеу барысын¬да тұзды тағам жеген адамдардың қан айналымы айтарлықтай тежелгені байқалыпты. Тұз 30 минуттан соң-ақ ағзаға әсер ете бастап, қан жүгірісін шамамен бір сағат бойына тоқтатқан. 4 г тұз – адамның жалпы рационына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне тең. Соған қарамастан, тұзды көп қолдану адамды оқыс өлімге итермелеуі ықтимал. Профессор Грэхем Макгрегордың айтуынша, жүргізілген сынаққа қарағанда, адамның қан тамырларын қатайтқан нәрсе тұз болуы мүмкін.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру