«ТИТАНИК» СУҒА БАТҚАНДА...

20 маусым 2024 1520 0
Оқу режимі

«Титаник» суға батқанда, кемеде миллионер Джон Джейкоб Астор болған екен.

Оның банктегі қаржысы дәл осындай 30 «Титаник» құрастыруға жетер еді. Ажалмен бетпе-бет келгенде ол адамдығынан айнымастан шлюпкадағы өз орнын үрейден зәресі қалмаған екі балақайға ұсыныпты.

Сол сәтте «Титаникте» Исидор Штраус болған. Америкадағы ең ірі Macy's универмагтарының иесі. Ол «Мен шлюпкаға басқа азаматтардан бұрын отырмаймын» депті.

«Күйеуім бармаса, мен де бармаймын» деп зайыбы да өз орнын қызметкері Эллен Бердке беріпті. Әйелі соңғы минуттарын күйеуімен өткізуге бел байлапты. Елден ерекше бай бола тұрып, тығырыққа тірелгенде, ақшасыз қалса да, өлім аузында тұрса да адамгершіліктен айнымайтынын дәлелдеді. Олардың адамгершіліктен аттамауы адамзат өркениетінің және адами болмыстың құндылығын асқақтатып кетті!

«Мен ажал аузындағы адамдардың соңғы сөзін көп тыңдадым. Өлер алдында адам артық миллион таппай кеттім, зәулім үй салмадым, жетістікке жетпедім демейді. Соңғы сәтте адам жақсылық жасамай кеттім деп жылайды.

Ет жақынын, кездейсоқ алдына келген адамды қолдамағанын, көмектесе алмағанын айтып жылайды» - дейді Архимандрит Тихон Шевкунов.

Адамның бойында ардың болғаны қандай керемет. Адамгершіліктен аттамай өмір сүргені қандай ғажап!

Біздің арамызда осындай адамгершілік принципінен айнымайтындар көп пе? Көп шығар...

Соларды іздеңдер! Адамның адамгершілік мінезінен құнды ештеңе жоқ.

Ол кез келген байлықтан артық!

 

Елена Гончар

Аударған Шынар ӘБІЛДА

 

Пікірлер Кіру