Сүйектеріңіз сау болуы үшін

15 қыркүйек 2020 9079 0
Оқу режимі

Дұрыс тамақтану, денеңізді шынықтыру және басқа да өмір сүру салтын жақсарту – сүйектеріңіздің саулығы үшін нағыз көмекші құрал. Бұл, сіз ойлағандай қиын шаруа емес. Майо Клиника сайтында жарияланғандай, сүйектер ағза мүшелерін қорғап, бұлшық еттерді түзеп, кальций жинайды. Балалық және жасөспірімдік кезеңде күшті әрі мығым сүйек бекіту үшін қалай тырыссаңыз, есейген кезде де сүйек беріктігі мен саулығын сақтауға солай мән беруіңіз керек. Сүйек беріктігі мен саулығының қандай маңызы бар? Адам ағзасы жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Жас кезіңізде ескі сүйектер кеміп, орнына жаңа сүйектер бітіп отырады, сүйек массасының көлем бірлігі артады. Көптеген адамның сүйек массасының беріктігі 30 жасына қарай болады. Одан кейін, сүйектің жаңадан қалыптасу кезеңі басталады. Алайда, бұл кезде көбірек сүйек алуыңыз мүмкін. Осы себептен остеопороз ауруының (ағзаның сүйек жүйесінің қартаю белгілері болып саналатын ауру) асқынуы 30 жасқа келгенге дейін қаншалықты сүйек массасының болғанына және одан кейін де қаншалықты сүйек жоғалтқанына байланысты.

Сүйектің саулығына не әсер етеді?

Сүйек саулығына әсер ететін бірнеше фактор бар, бұлардың кейбіреуі өзгертілсе, кейбіреуі өзгертілмейді. Мысалы:

– Тамақтарыңыздың құрамындағы кальцийдің мөлшері: аз мөлшерде кальций алсаңыз, сүйегіңіздің беріктігі азайып, сүйектің ерте кемуі және сынғыштығы пайда болады.

– Физикалық белсенділігіңіз төмендесе: физикалық қозғалысқа түспеген адамдар сүйектерінің остреопоз ауруына тез ұшырайды.

– Шылым шегу мен алкоголь қолдану: Зерттеулер, шылым мен алкогольдің сүйектерді әлсіз ететінін және остеопорозды болдыратынын анықтады.

– Әйелдердің сүйек тіндері еркектерге қарағанда аз болады.

– Қартаю. Сүйектеріңіз жасыңызға байланысты әлсізденеді.

– Отбасындағы тұқымдық аурудың болуы. Егер өте арық болсаңыз, сүйек массаңыз да аз болғаны. Бұл ауру жанұясында остеопороз ауруы бар адамдарда көбірек кездеседі.

– Гормон мөлшері: қалқанша без гормондары сүйек массасының кемуіне себеп болады. Әйелдерде сүйек кемуі климакс себебімен эстрогеннің азаюынан да көп болады.

– Дұрыс тамақтанбау мен басқа да қалыпсыз жәйттер сүйек саулығына әсер етеді. Анорексиямен ауыратын адамдарда да сүйек кемуінің қаупі бар. Әсіресе, гастрэктомия, арықтау үшін хирургиялық ота жасау мен Крона, Кушинга секілді аурулары да жетерлікті мөлшерде кальций алуыңызға әсер етеді.

– Белгілі дәрілердің қоданылуы. Ұзақ уақыт кортизон, преднизон, преднизолон дексаметазон секілді кортикостероид дәрілерді қолдану сүйектеріңізге зиян. Остеопорозбен ауруға тез ұшырататын басқа да дәрілерге кеуденің қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын дәрілер, антидепрессиялар жатады. Сонымен сүйек саулығын сақтау үшін не істеуіміз керек?

– Кальцийді көбірек алуға тырысыңыз. 19-50 жас аралығындағылар мен 51-70 жас аралығындағы еркектер үшін 1.000 мг. калций алу ұысынылады. Бұл мөлшер 51 жастан асқан әйелдер мен 71 жастағы еркектер үшін 1.200 мг. Болып өзгереді.

– Жүру, жүгіру, сатыдан көтеріліп-түсу секілді физикалық шаршататын қимылдар сіздің сүйгеніңіздің берік болуына көмектеседі. – Ішімдік пен шылымнан аулақ болыңыз.

– Сүйектеріңізді бекітетін дәрілерді қолдануыңызға болады.

– Әйелдерде климакс кезеңі басталғанда емделу сүйек саулығына жаксы әсер етеді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру