САДАҚА ТЕК АЛЛАНЫҢ РИЗАШЫЛЫҒЫ ҮШІН БЕРІЛУІ КЕРЕК

04 наурыз 2025 330 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Сіздерден ешбіріңіз нәпсі менің айтқандарыма ермейінше (толық) мүмін бола алмайды». (Мишкат ул-масабих)

Кімде-кім садақа берген адамынан дұға, рахмет не мақтау күтпеуге тиіс. Расында Алла Тағала былай дейді: “(Aлла Tағаланың тақуа құлдары) Біз сендерге тек Алланың ризашылығы үшін тойдырамыз. Сендерден ақы не рахмет талап етпейміз. (дейді.)” (Адам сүресі, 9-аят)

Міне, сондықтан садақа берген адамнан дұға тілемей, пайдасы өз басына тиетін нәрседен тасаттық сұрамау керек, тек Алла ризасы үшін беруге тиіс.

Адам босағасына келгенге ұрыспауға тиіс, беретін бірдеңе болса, ‘Aлла Tағала сендерді де, бізді де ризықтандырсын’ деген секілді жұмсақ тілмен шығарып салғаны жөн.

Ибраһим ибн Әдһәм былай дейді: “Есігімізге келіп бірдеңе сұрайтындар қандай жақсы адамдар! Ақыретке біз үшін азық жеткізеді.”

Ибраһим Нәхаи (рaх.) былай деген: “Есігіңізге келіп бірдеңе сұраған адам былай дегісі келеді: Ақыреттегі бауырларыңызға, туыстарыңызға бірдеңе жібергіңіз келе ме?” 

Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: 

“Қиямет күні кедей (әрі тақуа) бір құл әкеледі. Құдіретті Алла оны дүниеде пақыр қылғанының хикметтерін түсіндіріп, былай дейді: “Үстемдігім мен Айбарымның қақысы үшін саған жоқшылық бермеймін, сені қор, әлсіз көргендігімнен де емес. Сен үшін мол ізгілік пен керемет дайындау үшін. Махшар сабына шық, менің ризашылығымды ойлап саған кім жылы киім, ас-ауқат берді, соның қолын ұста, оны саған бағыштадым” дейді. Ол уақытта басқа адамдар қара терге малшынған. Ал ол саптың қатарын аралап өзіне көмектескендердің қолынан алып жәннатқа бет алады.” 

Пікірлер Кіру