РУХАНИ МӘДЕНИЕТТЕ ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

04 наурыз 2026 79 0
Оқу режимі

«Маған жамандық жасаған адам мені алаңдатпайды, мен онымен жарысып әуре болмаймын…

Керісінше, маған жақсылық жасаған жан мені ойландырады — оның жақсылығына қалай жауап қайтарам деп.»

Хазіреті Жәлаладдин Руми (қ.с.)

Бұл сөздің терең мағынасы — адамның назарын кекке емес, шүкірлікке бұру.

Хазіреті Мәулана мұнда рухани жетілген адамның көзқарасын айтады. Көп адам ренжіткендерді ойлап, соған энергиясын жұмсайды. Ал бұл сөз — жүректі ауыртатын нәрсеге байланып қалмау керек деген ой. Яғни, кек сақтау — адамның өзін шаршатады.

Алла бұл дүниедегі заңдылығы еш өзгермейтін — қайсы бір адам біреуге айла, зұлымдық, тұзақ жасаса, мейлі сиқыр тағы басқа жамандық түрлері болсын. Ол сол жанның өзіне бірнеше есе боп қайтады. Сол үшінде адам жамандық жасаушыға энергиясын жұмсамаған дұрыс.

Нағыз алаңдау — жақсылыққа қалай жауап берем деген ой. Бұл — кішіпейілділік пен шынайы әдептің белгісі. Өйткені рухани мәдениетте ең үлкен жауапкершілік — жасалған жақсылықты бағалай білу.

Bekzhan Azhimov

Пікірлер Кіру