"ҚОЛЫҢДЫ АЙҚАСТЫРМА"

02 ақпан 2024 1920 0
Оқу режимі

Қолды айқастыруды тыйымдайтын өз себебі бар. Мына жалғаннан тататын дәм-тұзы таусылып бақилық болған адамның қолын кеудесіне айқастырады. Ал тірі адам қашанда алдағы күннен үміт күтеді. Көп жасап, көпті көрсең де көңілден арман кетпейді. Адамды арман мен үміт алға жетелейді, өмірге құштар етеді. Арманды ақиқатқа айналдыру үшін тер төгеді. Айталық, түтінін түзу шығаратын өнегелі ұрпақ өсіруді қалайды, немере-шөбере сүйіп, артына әулет қалдырғысы келеді...

Әйтеуір әр адамның мақсат-мүддесі бар, яғни тірі адам өз қалауымен тіршілігін жасайды.

Сол үшін болар, қолын кеудесіне айқастырған кісіні, әсіресе жас адамды көргенде қариялар:

"Әй, Құдайдан үмітің жоқ па?" - деп, "Марқұм болуға асығып жүрсің бе?!" - деп қатаң сөз айтып, тыйып тастаушы еді.

 

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Пікірлер Кіру