ҚАЗАҚТАР НЕГЕ ҚЫРЫҚ САНЫН ҚАСТЕРЛЕЙДІ?

19 наурыз 2024 1168 0
Оқу режимі

Әлі есімде, бір жолы анамнан:

- Қазақтар неге қырық санын қастерлейді? - деп сұрадым. Білгім келгенді жауапсыз қалдырмайтын әдетімен ол кісі:

- Қырық күн, қырық саны адам жаратылысымен тікелей байланысы болғандықтан қасиеттейді. Бойға бала бітерде ештеңені артық - кем жаратпаған Алла Тағаланың құдыретімен бір тамшы ұрық суы қырық күнде қанға айналады, қаннан қырық күнде етке айналады. Тағы қырық күнде еттен сүйек пайда болады, одан қырық күн өткен соң, ет пен сүйекке жан бітеді және қырық күн өткенде жан алған ет пен сүйек адам пішініне енеді. Содан кейін шақалаққа сезім жүйесінің пайда бодуына қырық күн кетеді.Тағы қырық күнде бала толысады. Сөйтіп, 280 күн - қырық аптада, анығын айтқанда, тоғыз ай, тоғыз - он күнде нәресте өмірге келеді. Баланы қырқынан шығару - жоғарыдағы қырықтардың соңғы жалғасы...

Зейнеп Ахметованың "Күретамыр" кітабынан

 

Пікірлер Кіру