ПІТІР САДАҚАСЫ

04 сәуір 2024 1946 0
Оқу режимі

Материалдық қиыншылықтан, әсіресе, күндік напақасын таба алмау уайымынан аулақ болу бір адам үшін қуанышты жағдай. Дініміз бұны да назардан тыс қалдырмаған. Ораза айты күнінде кедей мұсылмандарды қуанту үшін пітір садақасын беруді уәжіп қылған.

Пітір садақасы мүлікпен жасалатын ғибадат. Өтелмесе, мойнында борыш болып қалады. Пітірде де зекеттегіндей ниет ету керек. Пітір садақасының барлық үкімі зекет секілді. Тек мал-мүлкінен айрылып қалса, зекет беру парыз болмай қалады, ал, пітір садақасында уәжіптік түспейді. Пітірдің берілетін орындары зекеттегідей. Яғни зекет кімдерге берілу керек болса, пітір садақасы да соларға беріледі.

Әсіресе, шәкірттерге (дүние және ақырет бақытына жеткізетін діни ілімдерді үйренушілерге), мұқтаж болған тақуа жандарға берілген абзал. Бәрінен абзалы Ілімімен амал еткендерге беру.

Ораза айтынан бұрын берілген пітір  садақасы әрі оразаның кем-кетігін бүтіндеген болады, әрі кедей мұсылманның тым болмаса бір күндік напақасына қол ұшын берген болады. 

Пікірлер Кіру