НӘПСІМЕН КҮРЕСТІҢ ЕКІ ҚИЫНДЫҒЫ

14 тамыз 2024 886 0
Оқу режимі

Имам Ғазали: «Адамды жамандыққа шақырып, әрдайым бақытсыздыққа итермелеуші нәпсімен күрес

жүргізудің екі түрлі қиындығы бар.

Біріншіден, нәпсі – адамның

ішінен азғыратын ішкі жауы. Ал ішкі жаудан қорғану қашан да қиынға соғады. Мысалы, сырттан келген ұрыға қарағанда, іштен шыққан ұрыдан сақтану әлдеқайда қиын болмақ.

Екіншіден, адам баласы өз нәпсісін жақсы көреді. Ал жақсы көретін жаумен күресу – қиынның қиыны. Себебі, әдетте пенде жақсы көргенінің айып-кемшіліктерін байқамайды. Тіпті, байқаса да елемейді. Осылайша нәпсісінен көрген жамандықтарды жақсылыққа балап, ақырында қалайша құрдымға кеткенін байқамай да қалады. Бұдан тек Алланың мейірімі түсіп, жәрдемі келсе ғана аман қалуға болады».

Қазақ осы үшін «Іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаған.

 

«Тасаууф тұңғиығынан» телеграм каналынан

 

Пікірлер Кіру