НӘПСІ ЕҢ ҮЛКЕН ДҰШПАН

28 наурыз 2024 1653 0
Оқу режимі

Адамдағы барлық күнәлардың және жаман мінездің басты себепшісі – нәпсі аммара. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сенің ең үлкен дұшпаның (орталығы екі қастың ортасында болған) бүкіл денеге тараған – нәпсі аммара» деген. Хз. Мехмет Шәмсиддин Нури «Мифтах ул-Қулуб» атты кітапта нәпсі жайында былай дейді:

«Адамда екі рух бар. Біреуі хайуани рух деп аталады. Бұл Алла Тағаланың Жәлал сипатымен жаратылған. Хайуани рух барынша жамандықты бұйырады. Оған «нәпсі» деп ат берілген. Хайуани рухтың ләззәты – жеп-ішу, киіну. Яғни көріністе адамға ләззәт беретін не бар болса содан күш алып сұлтани рухты жеңеді. Сұлтани рухтың ләззәті – зікір, пікір, құлшылық және Алланың әмірлеріне бойұсыну, тыйымдарынан қашу. Сұлтани рух осыларды жасау арқылы хайуани рухты жеңеді. 

Жоғарыда айтылғандай бұлар денені билейді. Біреуінің сипаты екіншісіне қайшы болғандықтан ұдайы бір-бірімен соғысып жатады. 

Мысалы бір денеде сұлтани рух хайуани рухты жеңе алмай хайуани рух өз жайына жіберілсе сипаты әммәралықта қалады. Уақыт өте келе хайуани рух сұлтани рухтан басым түсіп, ол адамның дүниесі де ақыреті де қасіретке душар болады. Ал сұлтани рух хайуани рухты жайына қалдырмай ұдайы қарсы шығып, күрессе хайуани рух қаласа да қаламаса да байланады. Әр бұйрығына бағындырып Алланың әмірін орындайды. Міне осы кісілердің құтылуы мүмкін. Бірақ жеңіліп қалуы да ғажап емес. Өйткені нәпсінің қулығы көп. 

Адамның хайуани рухтан құтылып, сұлтани рухқа жетуі, адамдық сипаттарға еруі тек нәпсімен күресу арқылы болады. 

 

 

Пікірлер Кіру