Мына дұғаны оқығанға Алла Тағала молынан сауап жазады

01 ақпан 2020 13879 0
Оқу режимі

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады  (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаһқа разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі»[1].

Оқылуы: Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.

Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разы болдым.


[1] Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4410; Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәду әл-ашара әл-мубәшшәра 1482

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру