МӘУЛӘНӘ РУМИДІҢ ӨМІРДІҢ ӨТКІНШІЛІГІ ЖАЙЫНДА АЙТҚАНДАРЫ

12 қараша 2024 303 0
Оқу режимі

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) адамның жастық, сергектік және тың кездері мен оның соңындағы күтілмеген сыйлықтар жиынтығын және уақытша ермектерін мына мысалдар арқылы түсіндіреді: 

«Ей, көктемнің сұлулығына таң қалған адам! Бір сәт күздің сарғайған халі мен суығына да қара!»

«Таң шапағы туғанда әсем күннің туғанын көрген кезде, батқан уақыты оның өлімі болып саналатын батуын да есіңе ал!»

«Мына тамаша айлы түнде толған айдың әсемдігін тамашалайсың. Енді бір сәт оның ең соңында тап болар әлсіздігі мен толған кезіне дейінгі сағынышын ойла!»

«Адамның басынан да осы оқиға өтеді. Кемелдігі мен сұлулығы бір күні батады».

«Сүйкімді бала бір қарасаң сүйкімділігімен халыққа сүйікті болады. Бір аз уақыттан кейін, алжыған қартқа айналып халыққа масқара болады!»

«Егер күміс тәнді сұлулар сені баурап алса, қартайғаннан кейін мақта егілген жерге ұқсаған тәнге қара!»

«Ей, майлы-тәтті тамақтармен тамаша тамақтарды көріп тамсанған адам! Тұрып әжетханаға бар да, оның ақырғы халін сол жерде көр!» 

«Нәпсің саған: Әлгі айтқан нәрселерің гүл еді. Мен құрылған тұзақ едім. Сен келіп түзаққа түскен кезде, гүл қураған шөпке айналады».

«Өзге ұсталарды сонша таңқалдырған шебер қолдар, кейін дірілдеп қалады».

«Сол сияқты арыстандардың сапындағы арыстан іспетті ер жігіт те, бір күні тышқан сияқты әлсіз біреуден жеңіледі». 

«Сол сияқты өнерлі өнерпаз адамның, ақырында әлсіреп, бишаралық жағдайға жетіп, түкке жарамайтын халге түскенін көресің!»

«Сол сияқты шиырылған әсем сакал қартайған кезде есектің қүйрығы сияқты болып қалады».

«Осылардың барлығының алғашындағы әсемдіктеріне қара. Содан кейін олардың қалай бүзылып қаңдай жағдайға ұшырағандығына қара!»

«Өйткені Бұл әлем сен сияқтыларға тұзағын құрып, сол арқылы қаншама кемеліне жете қоймаған рухтарды алдап өкінішке қалдырған».

«Осылайша әлемнің әрбір бөлшегінің алғашқы халі мен соңғы халін көз алдыңа елестет!»

 «Кімде-кім нәпсіге құл болудан және көлеңкелерге алданудан қүтылған болса, Аллаға соншалықты жақын болады».

«Сұлулығымен мақтанған, айдай жарқыраған әрбір сүлудың түріне қара! Бірақ алғашқы халін көргеннен кейін, оның кейінгі (қартайғандағы) бейнесіне де назар сал, сонда шайтан сияқты жалғыз көзді болу, яғни бір нәрсенің дүниелік жағын ғана көру ақымақтығына тап болмайсың».

«Шайтан адамның болашағын көрді, бірақ ұлылығын көре алмайды. Осы дүниеге тән болған болашақты ғана тамашалады. Бірақ, о дүниеге тән рухани жағын көрмеді. Шайтанның біле алмағаны - адамның Хақ Тағаланың халифасы болғандығы еді».

«Ей, адам, дүниеден бір-біріне қайшы екі дауыс шығады. Сенің жүрегіңнің қайсысын алуға қабілеті бар? Ол дауыстың біреуі Аллаһқа жақындағандардың халі, екіншісі болса алданғандардың халі!

Бұл дауыстардың біреуін қабылдасаң, екіншісін естімейтін де боласың! Өйткені, сүйген адам, сүйгенінен басқаны көрмейді де, естімейді де». 

«Ей, дәруіш айнадағы соңғы нақышқа (бейнеге) қара! Сұлудың картайған кезіндегі түрі мен бір ғимараттың үйінді болған халін ойлап, айнадағы жалғанға алданба!»

«Хақ жолындағылардың естіген дауысын алдымен естігендер қандай бақытты». 

Хазіреті Мәуләнә айтқан бір-біріне қайшы екі дауыстың біреуі дүниеге бейімділік, екіншісі дүниеден жиіркену. Олардың қайсысын тыңдап соған бет бұрсаң, екіншісінен құр қаласың. Хадис шәрифте:

«Дүние мен ақырет, ортақ екі жұбай (күндес әйел) сияқты. Біреуін қаншалықты разы етсең, екіншісі соншалықты ыза болады!» - делінеді.

Яғни, дүниеге шақырған дауыс көңілге орнықса, ақиреггің насихаты ол көңілге әсер етпейді. Ақиретке шақырған дауыс бір көңілге орнығатын болса, дүниеге шақырған дауысты естімейтін болады1.


1  Осман Нұри Топпаш: «Бір шоқ гүл». Хикмет баспаүйі, Алматы. 

 

Пікірлер Кіру