ИТЖЕЙДЕ НЕМЕСЕ ИТКӨЙЛЕК

27 ақпан 2024 2065 0
Оқу режимі

 Итжейде - баланың мынау жарық жалғанда киетін ең алғашқы киімі. Оны тек кіндік шеше әкеледі. Бұл кәдімгі жейде сияқты емес, қолтығынан ойып жең шығарып, қолмен көктеп тіккен уақытша киетін көйлек. Нәрестенің терісі тым нэзік болғандықтан жүмсақ матадан тігісін сыртына қаратып, кең-мол әрі ұзын етіп тігеді. Мұның өзіндік мәні бар, біріншіден, баланың емін-еркін жатуына ыңғайлы болсын дегені. Ал, негізінен, басты мағынасы тереңірек жатыр. Тіршілік деген бірқалыпты зырылдап өте шығар тақтақ жол емес. Өрге де өрлейсің, теменге де сырғисың. Күн мен түн секілді жақсылық пен жамандық, молшылық пен жоқшылық бірге жүреді. Аққан селдей, ескен желдей өте шығар қысқа өмірде таршылық көрмесін, басына тартса, аяғына жетпейтін мұқтаждық- қа тірелмесін деген ақ тілеумен итжейдені берекелі етіп тіккен екен. Кейінгі заманның кіндік шешелері дүкеннің дайын киімін алады, жейдесі кіндігіне де жетпейді. Ата-бабаларымыз «жақсы сөз - жарым ырыс» деп сөз киесін жете ұққандықтан айтқан. Олар жаратылыс пен адам болмысын байланыстыра отырып түрмысқа енгізген ырым-тыйым, әдет- ғұрыптары ойсыз, негізсіз шықпағаны аз да болса зерделі адамды  бей-жай қалдырмаса керек.

Осынау ұлан-ғайыр кен-байтақ жерге иелік еткен «көшпенділер» атанған халық ерлігі мен өрлігін, парасаты мен даналығын шартарапқа танытып, түтастығын мойындата білгені тарихи шындық. Бүгінде... Қарап тұрсаңыз өз елінде, өз жерінде үйсіз-күйсіз күн кешіп, базарда ала қоржын арқалап, жанбағыстың жарапазанына түсіп, басына тартса, аяғына жетпей, тұрмыс тауқыметін тартып жүрген өз қазағымыз емес пе? Қай тұста ата жолынан адастық, қай жерде жаңылып жаза бастық? Туралықтан қашан тайдық? Жауап іздейміз. Себеп іздейміз. Біз бір күнде жетпедік қой бұл күйге. «Тасын ала берсе, тау да таусылады» дегендей, ана жерден, мына тұстан там-тұмдап ұлттық қасиетіміз мұжыла берді, мұжыла берді. Сөйтіп, «көп аздан көлемді көп жиналғанын» білмей қалдық. Тікелей итжейдеге қайта оралайық, оны сәби қырқынан шық- қанша киген. Баланы қырқынан шығарғанда иткөйлекке өрік- мейіз, тэтті-мәттіні түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Балалар итті қуып жүріп ұстап, не алдап шақырып мойнындағы жейдені шешіп алып ішіндегісін таласып жейді. Босаған жейдені үлкен- дерге қайтарып беріп, сый алады. Қазақ халқы итті «жеті қазынаның бірі» деп әтеуірлейді. Ит - адамзаттың жер бетіндегі алғашқы серігі, қорғаушысы эрі иесіне адал берілген күзетшісі. «Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылғанда ит олармен бірге келген» деген аңыз әлем халықтары- ның дерлігінде бар. Иттің жэне бір қасиеті - көптеп күшіктейтіндігінде. «Баланың артынан бала ерсін, шаңырақ баланың шуына толсын» деген тілек жатыр. Содан кейін тілімізде «итжанды» деген сөз бар. Иттің төзімділігіне, қайсарлығына байланысты айтылғандықтан да баланың бойында қайсарлық пен табанды- лық, адалдык қатар өрілсін, тіршілікте кезігер қиындықтарға төзе білсін деген ақ ниетпен итжейде итке байланған. Сол жейдені бала көтермей жүрген әйел қалап алатын да салт болған екен. Осы жерде сонау жас кезімде болған, күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпей, жадымнан шықпай жүрген бір кішкене көріністі айтудың реті келіп тұр. Анамның Атамқұл дейтін туысы бар еді. Сол нағашымды Алматыда туратын үйлі-жайлы екі ұлы екі жағынан үгіттеп, қалаға көшіріп әкетпекші болды. Сонда нағашым үлдарына: - Қайда жүрсеңдер де қүдай беттеріңнен жарылқасын!

Менің бата-тілегім қашанда сендермен бірге. Түстік өмірім бар ма, жоқ па, білмеймін, ол тек бір Аллаға аян. Тоқымдай жерге сиятын томаршадай тэнімді сүйреп туған жерімнен ешқайда қозғалмай- мын. Мына жерге аталарым ат байлап, аналарым күл төккен. Кіндігім осында кесіліп, итжейдемді иттің мойнына осы жерде байлаған, - деп туып-өскен Қарқарасын құшақтағысы келгендей құлашын жайып тұрып қалды. Жасы жетпіске келген адамның өзі көрмеген «итжейдесін» есіне алғаны сол кезде маған күлкілі көрініп еді. Кейін түсіндім... Екі ауыз сөзбен туған жеріне, өскен отанына деген шексіз адалдық пен сүйіспеншіліктің ғажап үлгі- сін айтқан екен. Қайран баяғының иманжүзді ардақ қарттары-ай десеңізші!

 

З.Ахметова, Күретамыр

 

 

Пікірлер Кіру