ІЛІМ АЛУ

16 шілде 2024 1014 0
Оқу режимі

Шариғатта ілім алудың үкімі төрт түрлі болады:

 1. Өзіне дәл сол мезетте білуі парыз болғаны ілімді үйрену – парыз. Мысалы, күнделікті құлшылықтарының үкімдерін. Сауда жасайтын болса, харамға түспейтін деңгейде сауададан шариғи ілімі болу.

Үйленсе некенің негізгі үкімдерін білу т.б Осы сияқты ілімдерді алмаған адам күнәхар болады. Бұл ілімге – ғилмул хәл деп айтылады. (Мәжмағ әл-Әнһур 2/528, Әл-Һидая 4/346, Раддул Мухтар 8/578, Тухфатул Мулук 412)

2. Ғилмул хәл деңгейінен кейін өзге адамға хәлал харамды үйрету үшін ілім талап ету – мустахаб. Бұл іс – нәпіл құлшылықтардан абзал.

 Бір адам екінші бір адамға ілім үйретіп, сол ілім арқылы Аллаға құлшылық жасаса немесе адасулықтан арылса, әлгі ілім үйреткен адамға қияметке дейін сауап барып тұрады. (Дуррул Мухтар 1/26-27, Минхату әс-сулук 2/270)

3. Мұсылман адам одан әрі кемелдену үшін ілім алуы – мубах. Өйткені, ғалымдар ілімді болумен кемеледенеді. (Әл-Һидая 255)

 4. Адамдардың көзінде ғалым болып көріну үшін немесе пасықтармен тартысу үшін ғана ілім алу – харам. Сондай-ақ, байлардың малын жеу үшін ілім алу да харам.

Бұндай адамдар қияметте тозаққа бірінші болып тасталып, қорлықтың ең қаттысын көреді. (Шарх ибн Мәлак 122, әл-Һидая 255, Тухфатул Мулук 411)

Пікірлер Кіру