ЕҢ ХАЙЫРЛЫ АҚЫЛ

27 наурыз 2024 1340 0
Оқу режимі

Ақыл ең үлкен нығмет. Адамдар өздерінің ақыл-ойының арқасында Алланы танып, діни және дүниелік міндеттерге жауап береді және соларды орындау арқылы көптеген бақыттарға жетеді. Дегенмен, барлық адамның ақыл-ойы бірдей емес. Көп адамдар шынайы бақыт әкелетін ақыл-парасат нығметіне бөленбейді. Өзінің болмысын және айналасындағы әлемді жаратқан Раббылары туралы мұқият ойланбаған, хақ дін Исламды қабылдамайтындар, оларды ақиқатқа жетелейтін ақыл-парасаттан айрылады. Қанша жерден дүние істерінде ақыл-парасаты күшті болса да. 

Бера бин Азиб (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, Алла Тағаланың ерекше құлдары бар және оларды жәннаттың жоғары сатыларында орналастырады. Өйткені олар әлемдегі ең ақылды адамдарға айналды» - деді ол. Біз: «Уа, Алланың Елшісі! Олар қалай адамдардың ең ақылдысы болды?» — деп сұрадық. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олардың барлық күш-жігері Раббыларына жақын болу және Оның разы болатын істерін жасау үшін жарысу еді. Дүниенің әшекейінен, оның мақамға деген сүйіспеншілігінен және мол нығметінен бас тартты. Олар дүниені бағаламады. Олар дүниеде аз уақыт сабыр етіп, (ақыретте) мәңгі тыныштық тапты» - деді. 

Алла Тағаланың құлына дін мен ақыретке қатысты істерде сәттілік беруі құл үшін ең үлкен байлық. Ақылды адам Алладан игі істерінде молшылық пен тақуалық тілеп, Оның разылығын сұрау керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағаланың құлға діни істерде берген аз ғана табысы көп ақылға ие болудан жақсырақ» - деген.

 

Пікірлер Кіру