«Бір» және «нөл»
У-шу болып жатқан сыныпқа кіріп келген ұстаз шәкірттеріне сынай қарап тұрды да тақтаға үлкен қылып «1» санын жазып:
- Бұл – «ИМАН», адамдарда болуға керек ең бірінші қасиет осы «ИМАН» болуға тиіс, – деді.
Сосын «1-дің соңына «0»-ді жазып: «Бұл – МАХАББАТ. Ал, бұл бір ғана болып тұрған ИМАНДЫ 10-ға айналдыра алады, сосын – ТАБЫС, ол 10-ды 100 болдырады», – деп жалғастырып, ары қарай ТӘРТІП, ТӘЖІРИБЕ, БІЛІМ, АДАМГЕРШІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ т.б. жақсы қасиеттер мен құндылықтарды тізбелеп, «нөлдерді» қосып жаза берді.
Осылайша, 1-дің артына нөлдер тіркеліп жазыла бастағанда, шәкірттер санаудан жаңылды. Сол кезде ұстаз сүрткішті алды да ең алдына жазылған 1-ді өшіріп тастады да: «Өздерің көріп тұрғандай, ИМАН болмаған жерде қалғанының бәрі – нөл», – деді.
Амантай Тойшыбайұлы
Дереккөз: muslim.kz