БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ…

12 қыркүйек 2023 3374 0
Оқу режимі

+. Істеймін деп уәде берген ісіңді істе! Сөз берсең, оны орында! Ескерту жасаудан қорықпа! Бірақ оны істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла! Кінәліге кінәсінен артық жаза бер ме! Жазаға лайық адамның жазасын кешіктірме!  (Әбу-Бәкір Сыдық)

+. Адам мың жыл өмір сүрсе де Алла оның пешенесіне өлімді жазған. Адамдардың ең абзалы – Алланы танып, ақырет үшін амал жасаған адам. (Әбу Үбәйда ибн Жәррах)

+. Сабырлылық пен жүректілік бұл дүние де адамға абырой әкеледі. Ақыретте мейірімге бастайды. (Сайд ибн Зәйд)

+. Білім үйреніңдер. Өйткені ол Алланы танудың жолы. Ғылым іздеу – ұлы ғибадат. Ғылыми мәселелерді талқылау – Алланы ұлықтау. Ғылымды паш ету – жиһад. Білмегендерге үйрету – садақа. Ғылым – амалдардың иманы. Амал – ғылымға бағынышты. Ғылым – жәннатқа бастайтын шырақ, жалғыздың – досы, жолаушының – серігі, қайғының – жөн сілтеушісі, дұшпанға – қарсы қаруың, достың алдында – абыройың. (Мұзар ибн Жәләл)

+. Нағыз мұсылман (мумин) – қиындыққа душар болса, сабырға бағынады. Өзіне нығмет бұйырса, шүкір етеді. Әр сөзінде туралық болады. Іс-әрекетінде әділеттілікті ұстанады. (Үбай ибн Каәб)

+. Көрген түсіне қарай ғұмырын жұбатумен өткізген адам ұйқыдағы адам. Ондай бейбақ  ақиқатты тани алмай өмірден өтеуі мүмкін. (Бусайри)

+. Егер кімде-кім өз еркімен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамы деп санасын. (Ибн Рушд)

+. Менің өмірімдегі ең зор өкінішім: күн сайын батқан күнмен бірге бұл өмірде маған берілген ғұмыр қысқарып, жақсы амалдарымды көбейте алмауым. (Абдулла ибн Масғұд)

+. Муминнің әрбір намазы, оразасы тағы осы сияқты ізгі амалдары (іс- әрекеттері) оның жинаған қоры һәм ақырет байлығы болады. Өйткені, адамның өмірі өлшеулі бір мерзім. (Сахид ибн Жабид)

+. Шын мәнінде иман келтіргенге сый етілген уақыт – оның теңдессіз байлығы. Оның пайдасы – жәннатқа, ал шығыны – тозаққа апарады. (Тайфур әл-Баттами)

+. Ақырет азығы жетер-жетпес аз. Адам мен оның жақсы амалы арасында тосқауыл орнаса, қайғы мен өкініштен басқа еш нәрсе қалмайды. Сол адам өзінің амал қылуға шамасы болған кезіне қайтуды армандайды. Бірақ, арман еш пайда бермейді.  (Имам Хазим)

+. Уақыт адам баласынан: «Ей, адам баласы! Мені қандай амал жасап өткіздің, мен жақсы істеріңнің куәсімін. Кетсем қайта оралмаймын. Ақыретте пайдалы болып оралуым үшін, қалағаныңша ізгі амалдарды жасап қал» дейді. (Хасан Басри)

+. Ей, адамзат! Сен ақша-қаражатың таусылса уайымдайсың, уақытың босқа кетіп, өмірің қысқарғанға неге өкінбейсің. (Маурықәл-Ижли)

+. Дүниедегі адамдардың бір тобы – дүние мен байлықты қуып, тек сән-салтанатқа құмартушылар. Олар осы ғұмырында байлық жинап, шаттанып жүргенді қалайды. Бірақ, мұның соңы өзін жеңіліске душар етерін сезбейді. (Жамит ибн Ижлан)

+. Дүние өз жайымен кетеді. Соңында сендердің байлық – қазыналарың болып, тек өзің істеген жақсы амалдарың ғана қалады. Жақсылық жасау үшін басқалардан оз. Өйткені, уақыт сенен озады. Сен адамдарды жетелесең,  уақыт сені жетелейді. (Хасан Басри)

+. Түн ұзақ, сен оны ұйқымен қысқарт па, ал күн таза, пәк сен оны күнәңмен кірлет пе!(ЯхяибнМүс)

+. Кімде-кім өзін Раббымның пендесімін деп таныса, ол өз Раббысына қайтарылатынын білсе, ол Раббысының алдында тұратынын біледі. Егер алдында тұратынын білсе, онда ол сұралатынын біледі де, сұрақтарға жауап іздейді. Осыны сезінген адам Раббысы бұйырған жақсы амалдарды орындауға ұмтылады. Амалдарды орындаған адам сұраққа жауап қайтара алады. (Әл-Фузайл)

+. Егер уақытыңды өзіңе пайдалы түрде өткізе алмасаң, өзіңе зияны болатындай түрде де өткізбе. Егер жақсылармен дос бола алмасаң, жамандармен бірге болма. Егер малыңды Алла ризашылығы үшін жұмсай алмасаң, Алланың қаһарын келтіретін іске малыңды жұмса ма!. (Жүнайд)

+. Ей, адамзат! Сенің өміріңде уақыттан асқан құнды нәрсе жоқ. (Әбу Керима әл-Әбди)

+. Мен өзімнің әрбір күніме көңілім толық болуы үшін әр күнімді Алланы разы ететін амалдыр жасай алдым ба, деп уайымдаймын. (Хатим)

+. Шын мәнінде адам ғұмыры қысқа. Күн мен түн арпалысқан түрде өмір сүресіңдер. Егер жақсылықтың дәнін ексеңдер, ол тез арада дәмді жемісін береді. Жамандықтың дәнін ексеңдер, оның жемісі орны толмас өкініш әкелер. Кім нені ексе, соны орады.(Ибн Масғұд)

+. Бір адамдар болады – өзінің өлгісі келмейді, не ізгі амалдар жасамайды. Алланың ісін кейінге қадырады, дүние ісіне берік. (Біләл ибн Сағад)

+. Сендер бір нәрсені жасап, артынан өкінгенше, өкінуден бұрын істеріңді ойластырып жасағандарың жөн. Сондай-ақ, бұл дүние сау адамды ауру етеді, жаңа нәрсені ескіртеді, жасты қартайтады. (Фазыл ибн Ийад)

+. Егер тақуа мұсылманға, «Ертең қиямет болады» деп айтылса, ол тек Аллаға құлшылық етер еді. Құлшылығына қосатын басқа еш амалы болмас еді. (Анас ибн Ийад)

+. Адам өмірі үш кезеңнен тұрады.

Біріншісі – өткен шақ. Адам өткен шақта жасаған амалдарының қайсысы қабыл болып, қайсысы қабыл болмағанын анық білмейді.

Екіншісі – осы шақ. Бұл амал жасайтын күн. Өйткені, ертең не болатынын пендесі білмейді. 

Үшіншісі – келер шақ. Бұл тек үміт ғана. (Ас-Сирри ибн Муфлис) 

 

Жинаған Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру