Берсең, санамай бер...

21 қаңтар 2019 8834 0
Оқу режимі

Әбу Үмама ибн Сахл ибн Ханиф (р.а.) жеткізуде:

Бір күні арамызда ансар мен мұхажирлер бар, бәріміз Мәдинада мешітте отырғанбыз. Арамыздан біреуді хазірет Айшаға (р.а.) жұмсап, жолыққымыз келетінін айтып, рұқсат сұраттық. Барғанымызда, хазірет Айша (р.а.) бізге мына оқиғаны әңгімеледі:

«Алла елшісі (с.ғ.с.) қасымда болған кезде бір қайыршы келіп маған алақан жайды. Мен әлденелер алдырдым да, ішіндегілерді мұқият санап барып қайыршыға ұстаттым. Бұл жағдайды байқаған Алла елшісі: «Сенен хабарсыз үйге ештеңенің кіргенін не шыққанын қаламайсың ба?» –деді. Мен: «Иә, қаламаймын», – дедім.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Айша, асығыстық жасама, қайыршыға жылы шырай таныт, жұмсақтық көрсет. Берген нәрсеңді санама. Егер санап берсең, Алла да саған бергенін санайтын болады», – деді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру