AЗДЫҢ ҚАТАРЫНА ҚОС!
02 наурыз 2025
353
0
Оқу режимі

Омар ибн Хаттаб (р.a) бірде біреудің «Уа, Aллам! Мені аз болған құлдарыңның қатарына қос» дұға жасағанын естиді.
Омар (р.a) оған жақындап, «Әй, Aлланың құлы, aз болған құлдарың кімдер?» деп сұрайды.
Анау “Aлла Tағаланың былай дегенін естідім” деп,
Һуд сүресінің:
«… Ал онымен бірге иман еткендер өте аз еді» деген мағынадағы 40-шы және Сәбә сүресінің:
«…Құлдарымның арасында лайықты түрде шүкіршілік ететіндер неткен аз еді»,- деген мағынадағы 13-ші аяттарын, тағы бірнеше хадис айтып береді.
Сонда Омар (р.a) өзіне-өзі «Әй, Омар! Жұрттың бәрі сенен артық біледі!»,- депті.
Пікірлер
Кіру