Аш жүрудің 10 артықшылығы

08 шілде 2021 7094 0
Оқу режимі

Аш жүрудің қандай болатынын ораза ұстаған жамағат жақсы түсінеді. Олай болса, дәл осы сезімдер сіздің де басыңыздан өтіп жатқан болар, оқып көріңіз:

1. Аштық халде көңіл тыныштығы мен зейін (жады) күштілігі, ал тоқтықта ақымақтық пен ұмытшақтық пайда болады.

2. Аштық халде жүрек жұқалығы, яғни сезімталдық болады. Сонан дұға мен ғибадаттардан ләззат алынады. Тоқтық xалде жүрек қатаяды да, ғибадаттан ләззат алу мүмкін болмайды.

3. Аштық халде қарапайымдылық пен мінез жұмсақтығы, ал тоқтықта тәкаппарлық, мақтаншақтық, ашу халі болады.

4. Аштық халде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлау, ал тоқтық халде оларды ойламау мен бейқамдық көрініс табады.

5. Аштық халде нәпсілік армандарға деген әуесқойлық басылады. Тоқтықта керісінше, іске асады.

6. Аштық халде ширақ әрі сергек болады. Тоқтық халде ұйқы мен ғапылдық , жалқаулық болады.

7. Аштық халде ғибадат пен құлшылықты жалғастыру оңай, ал, тоқ болғанда жалқаулық пен осалдық басым.

8. Аштық халде денсаулық жақсарады, керісінше тоқтықтан түрлі аурулар пайда болып, дене әлсірейді.

9. Аштық халде денеде жеңілдік пен рахат болады, тоқтықта ауырлық басады.

10. Аштық халде садақа беру сияқты қайырымдылық пен инфәқ жасау сезімі көбейеді. Бұл да құлды қиямет күнінің үрейлі ыстығында салқын көлеңкеге жеткізеді. Ал, тоқтық халде сараңдық пен ысырапқорлық пайда болады да құлды зиянға ұшыратары анық.

Дереккөз: muslim.kz мұрағатынан

Пікірлер Кіру