АҚЫРЕТКЕ ПАЙДАЛЫ БЕС НӘРСЕ

11 сәуір 2024 1206 0
Оқу режимі

Шақиқи Бәлһи (рах.) былай дейді: «Бес нәрсені іздеп, оларды мына бес нәрсенің ішінен таптық: 

1-рыздығымыздан берекет іздеп, дуһа намазында таптық;

2-қабіріміз үшін нұр іздедік, оны түнгі намазында таптық;

3-Нәнкір, Мүнкірге қабірде қалай жауап беретінімізді іздедік, оны Құран кәрімді көп оқуда таптық;

4-сырат көпірінен қалай өтетінімізді іздедік, оны ораза ұстап, садақа беруден таптық,

5-Қиямет күні махшар алаңында Арштың көлеңкесіне қалай саялайтынымызды іздеп, оны Аллаға ықыласпен құлшылық етуде таптық». 

Пікірлер Кіру