АҚЫЛ ТУРАЛЫ

10 қазан 2023 2758 0
Оқу режимі

Пайғамбарлар мен мүміндердің және кәпірлердің ақыл-саналары ешқашан тең болмайды. Пайғамбарларда болатын ақыл-сана кәпірлерде болмайды деп ұғу керек. Кімде-кім «Барлық адам баласының ақыл-саналары бірдей. Кәпір мен мұсылманның ақыл-санасы тең»,-десе ол бидғатшы.

  1. Табиғи сана:

-Бұл ақыл барлық адамда бірдей. Кәпірлер де өздерін жаратқан бір иенің барлығын біледі.

2. Кәсіби сана:

-Кімде-кім ғұламалар мен данышпан кісілердің мәжілістерінде көп отырса, олардың әңгімесін көп тыңдаса және осы істеріне қаншалықты мән берсе соншалықты ақылы да арта түседі.

3. Сыйлыққа біткен ақыл:

-Кәпірлер бұл ақылдан үлессіз, олар Ұлы Құдіретті мойындамай несібесіз қалады. Ал, мұсылмандар мен Пайғамбарларға бұл ақыл тең беріледі. Егер бұлай болмаса, Алла Тағала Құранда Пайғамбарлары мен қарапайым мұсылмандарға бірдей сөйлемес еді.

4. Пайғамбарлық ақыл:

-Бұл ақылды жай мұсылмандарға нәсіп етпеген, өйткені, ол Пайғамбарларға ғана тән нәрсе.

5. Құрметке біткен ақыл:

-Бұл мүбәрәк, күллі Пайғамбарлардың тәжі, екі дүниенің сардары, Алланың хабибісі Мұхаммед(с.ғ.а)-ке Жаббар Иеміз құрметпен берген ақыл.

Ибн Мүнаббих былай депті:

 «Мен тоқсан бір кітап оқыдым, бәрінде де егер бүкіл адам баласының ақыл, ой-санасы жиналса екінші жақтан Мұхаммед (с.ғ.с)-ке берілген ақыл қойылса, өзге мақұлықтардың ақылы ол кісіге біткен ақылдың алдында сахараның құмдарының ішіндегі бір түйір құмдай болар еді-ау!».

 Хақ Тағала ақылды мың етіп жаратып, оның бір бөлігін жалпы жұмыр бас пенделеріне өз қалауынша үлестіріп берген, ал, қалған 999-ын өз ұлы хикметімен (даналығымен) Мұхаммед(с.ғ.с)-ке сыйлады.

 

Пікірлер Кіру