АҚЫЛ ДЕГЕН НЕ НӘРСЕ?

29 қараша 2023 2830 0
Оқу режимі

Адам деген бір жалаңаш нәрсе. Мінез, ақыл, сөз-киім іспеттес. Осылар көркем болса, жұрт көзіне сүйікті, көрікті көрінеді.

Егер мінезі жаман болса, ақылы жоқ болса, сөз ретін білмесе, киімі жаман есепті, жұрт көзіне сүйкімсіз, жексұрын...

Олай болса әркім мінез түзетуді, "Ақыл не нәрсе?" соны тануды, "Сөз деген не нәрсе?" соны білуді, тіршіліктегі керектің ең алды екен деп біліп, соңына түсу керек.

Ақыл деген бір нұр жарықтық. Бұл өзі Құдайдың беруімен болады, не болмаса ісі ілгері басқандарды көріп, солардың қылғанын қылуға тырысса, кері кеткендердің қылығын қылмасқа тырысса, осындай тәжірибемен де табылады. Бұрынғының жақсылары айтқан "Ақылды өзің білмесең, сатып ал" деп.

Ақылды, ғылымды Алла тағала адамзатқа қиған, басқа мақұлықатқа қимаған. Ақылдың ең азы бір тарыдай.

Бір пұт ақылы бар жан болады. Онан да көп болса, бола береді.

Бір тарыдай ақыл біреуде бола қалса, ол ақыл иесін қорлыққа бермей, таза сақтауға жарайды. Біреуге біреу ұрысқанда, "Осы шіркіннің тарыдай болса да ақылы жоқ" деп ұрысады. Малайлықта, лас жұмыста жүргендердің тарыдай ақылы жоқтықтан. Тарыдай ақылы болса, есебін тауып, малайлықтан, лас жұмыстан кетіп, басқа бір кәсіпке кірісіп кетеді..."

 

Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы

 

Пікірлер Кіру