АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ СЫЙЫ МЕН ЖАЗАСЫНЫҢ ХИКМЕТІ

02 қараша 2023 2171 0
Оқу режимі

 Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Мен адамдар мен жындарды тек қана маған құлшылық қылсын деп жараттым». (Зариғат сүресі, 56-аят)

Алла Тағала әрі мейірімділердің ең мейірімдісі әрі азабы өте ауыр. Егер Ұлылығына қарсы шыққандарды азаптамайтын болса әлсіздік болмас па еді? Алайда Алла Тағаланың Ұлы мәртебесінде әлсіздік ойлау еш мүмкін емес. Сонымен қатар Алла Тағала Өзіне және жаратқандарына қарсы күнә мен айып жасаған құлдарын азаптамайтын болса Ұлылығын, құлдардың ақысын қорғай алмаған болар еді. Яғни әділетсіздік болар еді. Ал мұндай нәрсе Алланың Ұлы мәртебесіне лайық емес!

Мына қисса бұл мәселені жақсы түсіндіретіндей:

«Мұса (а.с.) бір күні «Уа Раббым! Мақлұқты Жаратасың, кейін оларды Өлтіресің, мұның Илаһи хикметі не?» дейді. Сонда Алла Тағала Мұсаға (а.с.) егін егуді бұйырады. 

Мұса (а.с.) егістікке егін егіп, суарып, өсіреді. Сосын орақ салып, қырманға жинайды. Сол кезде Илаһи аян келеді: 

«Уа, Мұса! Осынша күш жұмсап өсірген егініңді неге ордың?»

Мұса (а.с.) былай деді: «Уа, Раббым! Бұл егіндерде дән мен сабан бар екені Сен білесің! Дән мен сабан бірге тұрмайды. Сабан да дәнмен бірге қырманда тұрмайды. Сондықтан ажыратқым келді». Сонда Алла Тағала: «Уа, Мұса! Мен де жақсылығы болмағандарды тозаққа қоямын. Бұлар «Лә иләһә иллаллаһ» - деп айтуды қаламағандар» - деді. 

Яғни Ұлы Алла құлдарына мейірім мен сыйы да, азабы мен жазасы да хикмет толы. Біздің міндетіміз Илаһи азапқа душар қылатын әрекеттен сақсынып, Алланың қорғауын тілеу.

Пікірлер Кіру