АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУДІҢ БЕЛГІЛЕРІ

08 шілде 2024 650 0
Оқу режимі

Кез келген адам: «Мен Алланы жақсы көремін» - дейді. Бұл сөздің қаншалықты рас екенін кейбір белгілер арқылы ғана анықтауға болады. Аллаға деген сүйіспеншіліктің кейбір белгілері мыналар:

* Алланың әмірлерін орындау және тыйым салған нәрселерінен аулақ болу. Өйткені, әркім жақсы көрген кісісінің сөзіне бағынады. Мінсіз махаббат соны талап етеді. Алла тағаланы жақсы көретін пенде оның әмірлері мен тыйымдарына қалай бағынбайды?

* Алланы зікір етуді және Құран кәрімді көп оқу. Түнде тәһәжжүд намазын оқу, сәресі уақытында ояу болып Алла тағалаға жалбарыну.

* Алланың сүйікті құлдарын жақсы көріп, құрмет көрсету. Алланы сүйген адам Оның сүйген құлдарын да жақсы көреді, оларға дұшпандық жасамайды. 

* Пайғамбарымызға (с.а.у.) еріп, сүннеттерін ұстану және оған шынайы жүректен жақсы көру. Алла тағала былай дейді: «Оларға айт: «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер, сонда Алла сендерді жақсы көреді және күнәларыңды кешіреді...» (Әли Имран, 31-аят)

Алла Тағала бізді рухани ұйқыдан оятсын, Оның сүйіспеншілігінен айырмасын, Пайғамбарына мойынсұнып, әһли сүннет мәзһабынан алыстатпасын, Жүрегімізді бір сәтке болсын, тура жолдан һәм нұрынан ажыратпасын. Әмин.

 

Пікірлер Кіру