АЛЛА ТАҒАЛА ӨЗІНЕН СҰРАҒАНДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ

09 қараша 2023 1499 0
Оқу режимі

Дұға – әлсіз құлдың құдіретті Алладан мұқтажын, қалауын сөзімен, іс-әрекетімен жалбарынып, ықыласпен, шынайы сұрауы. 

Дұғаның негізі құлдың Раббысынан жәрдем сұрауы, оның көмегі мен рақымын тілеуі.

Дұға – құлдың Алла Тағаланың барлығын, ұлылығын, барлық нәрсеге құдіреті жететіндігін мойындауы және өзінің әлсіз, Жаратушыға мұқтаж екенін қабылдауы. 

Алла Тағала былай дейді: «(Уа, Мұхаммед!) оларға айт: «Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым сендерді неге бағаласын?». (Фурқан сүресі, 77-аят).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 

«Алла Тағала Өзінен сұрамағанға ашуланады». 

«Алла Тағаланың мейрімін тілеңдер. Өйткені Алла Тағала Өзінен сұрағанды жақсы көреді». 

Алладан сұрамау тәкәппарлық, ешнәрсеге мұқтаж емеспін деу. Ал пендеге бұл рұқсат етілмейді. Адам сұрасаң, ал Алла сұрамасаң ашуланады. 

 

 

Пікірлер Кіру