АЛЛА РИЗАЛЫҒЫ МЕН АЛЛАДАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

01 сәуір 2024 1187 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كَرَمُ الْمَرْءِ دِينُهُ وَمُرُوءَتُهُ عَقْلُهُ وَحَسَبُهُ خُلُقُهُ. (قط)

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деді:

 «Адамның қадірі – діни тақуалығымен, адамгершілігі – ақылымен, тектілігі мен құрметтілігі – мінезіменен болады». (Сүнән Дарақұтни)

Пайғамбарымыз (с.а.у):

 «Үйінен шыққан әрбір кісі әлбетте екі ту астына алынады. Оның біреуі бір періштенің, келесісі де бір шайтанның қолында болады. Егер ол адам Алла ризашылығы үшін сыртқа шықса, періште қолындағы туымен оның артынан ереді. Ол үйіне қайтқанға дейін періштенің туының астында болады. Ал егер Алланың ризашылығы болмаған нәрселер үшін шыққан болса, шайтан туымен артынан еріп, үйіне қайтқанға дейін шайтанның туының астында болады» - деген. 

Әбу Қатада мен Әбу Дахма (р.а.) былай деген:

 Шөл далада бір адаммен кезіктік, ол былай деп айтты: Пайғамбарымыз (с.а.у) мына қолымды ұстап тұрып, Алланың өзіне үйреткенін маған үйретті. Солардың біреуі де мынау еді: «Сен Алладан қорқып, нені тастасаң (тәрік етсең), әлбетте Алла тағала саған, одан да қайырлысын береді».

Ибраһим ибн Әдһам хазіретлерінен: Адамның көңілі не үшін Алладан ұзақтайды? – деп сұрағанда ол:

 «Адам көңілі, Алланың жек көрген нәрселерін жақсы көргенде Алладан ұзақтайды. Яғни адам, дүниені жақсы көріп, бұл алдамшы, ойын-сауыққа беріліп, мәңгілік өмір мен шексіз-шетсіз нығметтерге толы ақырет үшін амалды тастаса, Алланың жақсы көрмегенін жақсы көрген болады» - деп жауап берген.

 

Пікірлер Кіру