ӘҺЛИ СҮННЕТ ҚИЯМЕТКЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

26 наурыз 2024 1896 0
Оқу режимі

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اِنَّ اللهَ لَا يَجْمَعُ أُمَّتِي (أَوْ قَالَ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ) عَلَى ضَلَالَةٍ وَيَدُ اللهِ مَعَ الْجَمَاعَةِ وَمَنْ شَذَّ شَذَّ إِلَى النَّارِ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деді: «Әлбетте Алла тағала үмбетімді адасушылықта біріктірмейді. Алла тағаланың жәрдемі мен қорғауына алуы Ислам жамағаты (Әһли Сүннет уәл Жамағаты)мен бірге болады. Кімде-кім Ислам жамағатынан айырылса жәннаттан айырылған болады».  (Сүнән Тирмизи)

Аллатағала, дінін қорғайтынына ант еткен. Және қиямет күніне дейін жіберетін Әһли Сүннет ғалымдарымен болатынын Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа салаллаһү аләйһи уә сәлламның тілімен хабар берді. 

Хадис шәріпте былай деп айтылған: 

«Әлбетте Аллатағала, бұл үмбеті үшін, әрбір жүз жылдың басында, дінін жаңалап отыратын біреуін жібереді. (Сүнен Әбу Дәуіт)

Басқа хадис шәрипте де: «Исламға және мұсылмандарға тұзақ құруға тырысқан әрбір бидғатқа қарсы, Аллатағаланың салих бір әулиесі болып, оның себебімен Исламды қорғайды, әрі ол Исламның белгілерін айтыды. Сіз де ол әлсіздерді қорғап, (Ислам белгілерін айтқан) ол мәжілістерге қатысуды ғанимет біл. Аллаға тәуәккүл ет, Аллауәкіл ретінде сізге жеткілікті». 

Соңғы кітап Құран кәрімнің, соңғы пайғамбар хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) қызметінде болған, еш тоқтауды білмейтін бір жамағат иншАллақиямет күніне дейін қызметін жалғастырады. Хадис шәріптерге күмәнмен қарағандар бар. Қаншама күмәнмен қарағаңдар болса да хадис шәріптер, сол заманнан күнімізге дейін нүкте, үтіріне дейін руханият иесі болған әулиелер тарапынан мұқият жеткізіліп, жүздерше түсініктемелер жазылған. Осылай болмаса еді, тек жазуы ғана қалса еді, осы күнде бұл кітаптардың, хадис шәріптердің ешбіреуін түсіне алмаушы едік. Сүннеттің қате болмағанын біле тұра сүннетті теріске шығарғандар Әһли сүннетке шабуыл жасап, сол арқылы Кұран кәрімгеде шабуыл жасауда. 

Алла тарапынан айырықша етіліп жіберілген Әһли Сүннет ғалымдары, барлық ілмі күш-қуатын жұмсап, аят кәрім және хадис шәріптер мен Асхабы кирамның жүзеге асырған сенімі мен амал үкімдері ғасыр сайын үйретіліп келген әрі үйретілетін болады. 

 

Пікірлер Кіру