АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫ ӨЗ ҚОЛЫНДА МА?

03 қазан 2023 2339 0
Оқу режимі

Бірде екі жігіт таласқа түсіп қалады. Бірі адамның тағдыры жазылып қойған десе, екіншісі әркімнің тағдыры өз қолында дейді. Екеуі дауласып бұл сұрақтың жауабын табу үшін данышпанға келеді.
       Бірінші жігіт:
-         Ұстаз, айтыңызшы, қайсысымыздікі дұрыс? Мен тағдырымыз жазылып қойған деп білемін, ешбір адам өз тағдырын өзгерте алмайды.
-         Дұрыс айтасың, - дейді данышпан.
-         Қалайша? - дейді екінші жігіт. Ал мен адамның тағдыры тек қана өз қолында деп ойлаймын. Егер алдын ала барлығы жазылып қойған болса өмір сүрудің не мәні бар?
-         Сен де дұрыс айтасың, - дейді данышпан. Екеуіңдікі де жөн. Әр адамның тағдыры жазылып қойған. Алайда қалай өмір сүретіні әр адамның өз қолында. Тура жолда жүрем десе де, ақ жолдан тайып, теріс жолға түсем десе де өз таңдауы. 

Пікірлер Кіру