АДАМДАРДЫҢ ДІНГЕ МҰҚТАЖДЫҒЫ

05 қыркүйек 2023 2214 0
Оқу режимі

Дін әрбір адамның міндетті түрде қажет ететін мұқтаждықтарының бірі. Өйткені, құдайға сенбеймін деген дінсіз, атеист адамның өзі, ешбір құтылуға мүмкіндік қалмаған кезде, жан алқымына тақалған кезде бірден Алла Тағалам деп бастайды. Өздеріне бір көмек бере алатын бір Ұлы Құдіретті жан ұшырып іздейді. Адамның тәні болумен қатар, оның рухы да бар. Ішіп-жеу тәннің мұқтаждығы десек те, онсыз адам баласы тіршілік кеше алмайды. Денсаулығына орасан зиян келеді. Дәл сол секілді адам рухының қажеттілігі бар. Ал рухтың мұқтаждықтары өтелмеген жағдайда адам ауруға душар болады. Тән ауруы көбінесе адамның өзіне зиян келтіретін болса, рухани ауру қоршаған айналадағы адамдардың барлығына зиянды. Мысалы, бір кісі өтірікші, өсекші, арандатушы секілді әдеттерге душар болса, бұл мінезден тек өзіне ғана емес, қоғамға да үлкен зардап келетіні даусыз.

Дін адамдардың өз жүрегін тынышталдыратын немесе қорқынышын сейілтетін рухани қайнар деп айтуға болады. Бұл дүниеде өзінің іздегенін таба алмағандар, ақысы желінгендер, көз жасы төгілгендер, өмір бойы ауруға душар болғандар, ақыретте іздегендерімен қауышатынына сеніп, көңілдерін жұбатып, жүректері тыныштық табады. Ендеше, діннің бір тармағы болған ақыретке иман, адамдардың жүрегіне бір қуаныш сыйлайды. Сондай-ақ, дінге сену, мойынсыну адамдарды жақсылыққа қарай бастайды. Адамдар дінге сенгеннен ғана кез келген жақсылықты ешбір ақысыз, тегін жасауға дайын болады.

Пікірлер Кіру