15 мәселенің 15 шешімі

30 қыркүйек 2020 7033 0
Оқу режимі

Бұл өмірде қиындықсыз, сынақсыз жаратылған  пенде жоқ. Барлығымыздың басымызда түрлі сынақтар бар. Алла Тағала әр адамға өзі көтере алатын ғана  қиындық береді. Әлбетте сол қиындықтардың артынан жеңілдіктер мен жақсылықтар да келетінін ұмытпайық.  Өмірде шешілмейтін мәселе жоқ, барлық мәселенің өз шешімі бар. Тек сабыр сақтап, дұға жасап, Аллаға тәуекел ету арқылы сол қиындықтарды жеңуге болады. Әр нәрсенің  жауабы Аланың кәләмі қасиетті Құранда анық жазылған. Сол бірнеше мәселенің жауабын Құран аяттарынан іздеп көруді жөн көрдік. Ешқашан Алладан күдер үзбеңіз, Алла біздерге өте жақын. Ол аса Ұлы, Білуші, Естуші, Көруші.

1. Мұңайып жүрсіз бе?

«Тәубе» сүресі», 51-52 – аяттар: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де сендермен бірге тосайық» де». 

2. Депрессияға түстіңіз бе?

«Рағд» сүресі, 28–аят: « Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады».

3. Қателестіңіз бе?

«Юнус» сүресі, 85–аят: «Олар: «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама» деді».

4. Қиындыққа тап болдыңыз ба?

«Инширах» сүресі, 5-8 – аяттар: « Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар. Ендеше босай қалсаң және тырыс. Раббыңа ғана бел байла».

5. Сізді бағаламады ма?

«Инсан» сүресі, 22–аят: «Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды».

6. Бақытсызсыз ба?

«Ибраһим» сүресі, 34–аят: «Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз».

7. Жолыңыз болмай жүр ме?

«Юсуф» сүресі, 87–аят: «Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсуфты  және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…».

8. Денсаулығыңызды уайымдайсыз ба?

«Нахл» сүресі, 69–аят: «Содан соң, әр түрлі өсімдіктен же де, Раббыңның қолайластырған жолына түс! Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін ғибрат бар».

9. Бұл өмірде көп нәрсені қалайсыз ба?

«Зарият» сүресі 15-18 – аяттар: «Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді. Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді».

10.  Жақын дос табуды қалайсыз ба?

«Тәубе» сүресі, 119–аят: «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар».

11.  Күнә жасадыңыз ба?

«Зумәр» сүресі, 53–аят: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де».  

12. Тыныштықты қалайсыз ба?

«Мәида» сүресі, 16–аят: «Алла Тағала кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады».  

13.  Өкініп жүрсіз бе?

«Ниса» сүресі, 110–аят: «Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, содан кейін Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді».

14.  Ата-аныңызға жәннатты қалайсыз ба?

«Ибраһим» сүресі, 41–аят: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!», – (деді)».

15. Өзіңізге жәннатты қалайсыз ба?

«Аср» сүресі, 1-3 – аяттар: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды».

 

Лаура Алмаханова

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру